Қиянат жасады, зиян келтірді. ~ Демек, менімен кездесу сізге кесірін тигізген екен ғой. Д.Ис. ~ Қолынан түк келмейді екен, кетсін, басқаға кесірін тигізбей тайып тұрсын! С.Мұқ. ~ Романтика мен лирика өмірдің иллюзиясы, ол адамды шатастырады, өмір құбылысына дәл баға беруге кесірін тигізеді деген тұжырымды берік ұстайтын-ды. Д.Ис. ~ Оған ол кезде автор да көмекке келе алмайды, не автордың көзі тірісіндегі адами пенделігі де кесір тигізе алмайды. Ш.Сар.
