Ажалдан қорықпай, жауға қарсы тұрды, жанын қиды. ~ Балапанын жылан жұтқалы жатқан қарлығаштай шыр-шыр етіп, мұны құтқару жолында кеудесін оққа төсегені, ағалық қана емес,әкелік мейір көрсеткені жанын бордай үгітті. Ж.Шәк.
- «Тірі пендеге бір өлім хақ. Сондықтан өзін дұрыс деп тапқан белгілі бір идеялар үшін күрес майданында жүріп, кеудеңді оққа төсеп өлгенге не жетсін», — деп еді-ау мұнымен қоштасып жатып. Қ.Жұм.
- Оған қоса Виктор Викторович оққа кеудесін төсеп, қан көрген ардагер, бұл өмірде не қымбат, не арзан, оны жақсы біледі, арзаннан алыс жүрсе, қымбатын қадірлей біледі. М.Қаб.
- Тек, бір ғана айтарым: найзаның ұшына алдымен ілініп, оққа кеудеңді алдымен тосып, тым қызбаланып кетпе. Қ.Жұм.
~ … Сұлтан Баймағамбетов тәрізді көкірегін оққа төсей; Гагарин мен Титов құсап, тұңғиық, қара мұхит космосқа да ұша біледі. Бұндайлар — айырықша жандар. І.Ес.
