Posted in

КЕУДЕСІН (БОЙЫН, КӨКІРЕГІН, ЖҮРЕГІН) ҚУАНЫШ КЕРНЕДІ

Шаттыққа бөленді. ~ Аппақ ай, ай болмаса да жымыңдап күлген мың сан жұлдыз. Кеудемді қуаныш кернеп,
таңырқай, сүйіне
қараймын. М.Мағ. . ~ Осыны ойлағанда Исаның көңілі толқып, кеудесін қуаныш кернейді. А.Жақс. ~ Күшік
осы жаңа
тебіндеген көдені де иіскеді. Рахат! Тамаша! Бойын түсініксіз қуаныш кернеп жасыл мамық үстіне аунап-
аунап алды. М.Мағ* Айнала
қызыл-жасыл құбылған сиқырлы сәулеге оранып, құлпырып шыға келгендей, көкірегін лепірген қуаныш
кернеді. Т.Сәу. *
Бозбала күннен бауыр басқан ұлы таудың шаң жұқпаған мөлдір ауасынан жусанның жұпар исі, қымыз исі
аңқыды. Бойы
жадырап, жүрегін қуаныш кернеді. Ғ.Біл. ~ Алдынғы орындарда түрегелдердің арасында Ахаң, Сәкен,
Смағұлдар барып
көргенде Исаның тұла бойын қуаныш кернеп, бетіне қан жүгірді. А.Жақс.
Жүрегін тебірентті, бойына сыймады. ~ Шөптері де өз аулымның шөбіндей, Иіскеймін мен еміреніп жата
қап, Көлдері де өз
аулымның көліндей, Кеуде кернеп тебірентеді махаббат. С.Мәу. * Және ән айтқанда аңырап шыққан әсем
үннің аржағында
толықсып лықып тұрған үн екпіні кеуде кернеп тұрғандай серпінін сездіреді. С.Бег. ~ Кеудемді кернеп
арманым, Қиялым –
құрыш қорғаным, Дем басып, Қырда отырмын Жүгірген жолдар жан – жағым. Б.Ысқ.