Тірліктен үміт үзбеді, өйтіп-бүйтіп жан бақты. ~ Ерні қақ-қақ айырылыпты. Әй, бейшара-ай, мұндай өмірге жаралмаған
сормаңдай. Сөйтсе де кеудесін сүйретіп, қайсар-ақ, қиындықтан қайтпайды. Қайтқанда қайда барады? Ш.Айт. ~ Тірі жан
тіршілігін жасайды, қаңқиған құр кеудесін сүйретіп, тағы да шығар ауызға мысқалдап жылжиды. М.Қаб. ~ Тірі қалып
өлмегенге жаз болды. Көтерем ат болды, көлденең шөп ас болды дейтін көктемде тірілер кеудесін сүйреп, былтырғы
қырмандарға жетті. Б.Қыд. ~ Үн-түнсіз жоғалып кету тағы ыңғайсыз. Оның үстіне Қарасай кеудесін сүйретіп, соңғы курске
әрең тұяқ іліктірген көптің бірі болса сөз бар ма! Қ.Жиен. ~ Табаны тасқа тілініп, өзек-қолқадан қан кетіп, денеден әл кетіп,
көздің нұры таусылып, өлім халіне таянғанда, кеудесін сүйретіп киелі Қаратауға, айдын шалқар Көлмекөлге жеткен, көбі
артта, ұзақ жолда көмусіз қалған бейбақ ата-баба, ғазиз аналардың киелі аруағына табынып, іштен дұға оқып, тұнжырап
төмен қарап қалған. С.Ом.
