Posted in

КЕУДЕСІН ТӨСЕДІ (ТОСТЫ)

Қатерден қаймықпай, қасқиып қарсы тұрды д.м. * Жел жақтағы жапырақтардың кейбір шоғы да желге қасқайып, кеудесін төсеп тұрғанын көресіз. Ж.Айм. * Отан соғысында аспан астын өктеген зұлымдыққа қарсы шауып, талай ажал бүріккен темір ауыздарға кеудесін төсеген жігіттер мен қыздар өлімі неткен сұлу, неткен киелі! С.Ел. * … бұл неме қасақана «келсең кел» деп, шамасы келгенше желдің өтіне кеудесін төсеп, қасқайып-ақ тұрған. М.Қан. * Тек, бір ғана айтарым: найзаның ұшына алдымен ілініп, оққа кеудеңді алдымен тосып, тым қызбаланып кетпе. «Бай — бір жұттық, батыр — бір оқтық» деген сөз бар… Өзіңді сақта, балам… Қ.Жұм.