Posted in

КӘР ҚЫЛМАДЫ (ЕТПЕДІ)

Көңіл аудармады, қорықпады. ~ Бұларға қарағанда, Тасмағамбет ширақтау екен, ештемені кәр қылмай, мылтығын қолына көлденең ұстап, анадайда бұта-бұтаның арасын сүзіп, аң-құс іздеп жортып жүр. О.Сәрс. ~ Айнала адам құлағын тұндыратын тынымсыз ың–шың да, ерсiлi–қарсылы жүрген, топырақ тасыған машиналар гүрiлi де, дөңгелене көтерiлген шаң– тозаң да оған кәр етер емес сияқты. Р.Рай.