Posted in

КИІКТІҢ ЛАҒЫНДАЙ

Аса нәзік, сүйкімді, үлбіреп тұрған. * Тағы да еден тықылдады. Тізеден келетін юбкадан шыққан түп-түзу екі сирак киіктің лағындай қаздандап, қасыма және тақай берді. Ә.Нұрш. * Баяғы мен білетін Ғалия киіктің лағындай уылжып тұрушы еді. Б.Соқп. * Жаңа туған нәресте көлдің жағасында жалғыз қалған киіктің лағындай іңгәлап жылап емшек сұрап жатқандай болды. Ш.Айт.