Posted in

КІНӘСІН МОЙНЫНА САЛДЫ

Айыбын дәлелдеп, бетіне басты. ~ Оны коллективтің малына жүргізбеу керек. Ертең мүшелеріңді жина, мен оның барлық кінәсін мойнына салып, айдатып шығайын. Ал, коллективте болсын-ақ, сонда біреудің мүлкін алып сындырсын дей ме екен? Ортақ мүлікке шелек қосушы ма еді? Б.Майл. ~ Ерман ойынды, шынды араластырып отырып, Жақыпты сөзбен тоқпақтап ұрып болды. Жақыптың кінәсін мөлдіретіп мойнына салды. Жақып міндетін жаңа ұғынғандай болды. Б.Майл.