Posted in

КІНӘСІН МОЙНЫНА АЛДЫ

Жасаған қылмысын, кінәсін, айыбын мойындады. ~ Екі жігітпен шолғынға жіберілген Бекежан ауыл ұйықтады-ау деген кезде ол да отауына қайтып келген. Кінәсін мойнына алып, үндей алмай қалды. Ғ.Мүс. ~ Өзінше, Баймырза қазір ақталар, әлдебір сылтаулар айтып, шырылдайтын шығар деп ойлаған. Бір ғажабы, күйеуі соның бірін де істеген жоқ. Кінәсін бірден мойнына алғандай. Қ.Жұм.