Posted in

КІРШІК (ШАҢ) ЖУЫТПАДЫ (ҚОНДЫРМАДЫ, ЖОЛАТПАДЫ)

Атына кір келтірмеді. ~ «Жақсы-жаман болсын, «Үш жүз» өзіне, бірақ тіпті кіршік жуытпай мақтап жатқан «Алаш көсемдерінің» кім екенін жұртқа жариялай беруі зиян да болмас деп ойладық. С.Сей. ~ Тау-тасқа соғып қиратып, сегіз мың сомды желге лақтырып тастай салатын ақымақ емеспін. Шаң жуытпай, кіршік қондырмай отырсам. Әй, Сайлау, тоқташы! Өкпелеп барасың ба? С.См.

  1. Тап-таза қылып сақтады, дақ түсірмеді. ~ Сабақтан қашан қалдық, ол да сонда. Сондықтан ба, мұғалімдер класс журналына кіршік жуыттырмайды. М.Қаб. ~ Алпыстан асқанша ақ жаулығына кіршік жолатпай, жас жігітке көзін тастап, көп заманын серілікпен өткізген. Ә.Мар.