Тым алыс жер, жердің түбі. ~ Ал Бәйділда мен Раманқұл сияқты азулы билердің бір жайында қулығы жүреді. Салық жинаушылардың төбе көрсететін кезі жақындағанын андып тұрып, үйір-үйір жылқысын адам аяғы жетпейтін алысқа айдап салатын еді. З.Шүк. ~ Осы Баян-Улдың жалаңаш күрең тауларының адам аяғы жетпес, қанатты құс қана барып басына қонатын жалама жартасында жалғыз түп сәмбі тал өсіп тұрады. Ш.Рах. ~ Екі күн бойы жылқыларға жайылым бермей, жапырақ жамылып, жылыстап келеді. Жем басып жолығысар шақ таяу… Оны Жомарт інісі екеуі де сезіп келеді. Бала Сұңқар ғана алаңсыз. Оған Алтайдың адам аяғы жетпеген, жабайы аң-құсы ғана мекендеген жыныс тайгасы таңсық. А.Алт.
