Posted in

КӨЗ (КӨЗІН) АШТЫ

Көкірегі ашылды, өмірді білді, таныды. * Жаңа замана көгінде көзін ашып, қолына қалам ұстаған С.Мұқановты шығармашылық бастау жолында тақырып көп толғандырмаған. Қ.Ерг. ~ Исаға енді бұл іске белсене кірісу ғана қалды. Жандай да, Әмен де көп нәрсеге көзін ашып, алға қарай итермелеп, өрісін кеңейтті. А.Жақс.

  1. Санасы оянды, ақиқатқа қол жеткізді. ~ … оның сан-саналы қайраткерлік қызметін, қаһармандық ерлігін айшықтап көрсетер қыруар құжаттар мен деректерге жұртшылықтың көзін ашқандай болды. Бақсақ, Абылай парасатты елбасшы ғана емес, қабырғалы қолбасшы да екен. С.Ақт.
  2. Бір нәрсенің тиегі ағытылды; жолы ашылды, қолайлы жағдай туды. ~ … ежелгі халықтық тәлім-тәрбиенің қайна- рын, діни нанымы мен дәстүрінің бітелген көзін ашу үшін аяққа оралғы қазармалық социализмнің жылымшы жылан күйісті саясатын батыл серпіп тастамай, демократия жолын- да нық адыммен ілгері басуымыз екі талай. Ө.Кәр.
  3. Сауаттанды, оқып-жазуды үйреніп, білім алды. ~ Сөз жоқ, Ташкент циркінде тамашалаған кереметтері мұның бойында жасырулы тосын қабілет, тың мүмкіндіктерді жойдасыз күшпен жұлқып, көзін ашқандай еді. Ұ.Досп. ~ Ол ұстаған молдадан төңіректегі 30 ауылдың жастары білім алып, көкірек көзін ашқан. С.Ақт.