Үйреншікті болды, көзі, еті үйренді. ~ Маған мынау өзім күнде көріп, көзқашты болған күнделікті тіршілік аяқ астынан өзгеріп кеткен секілді немесе осы тіршілікке өзім тұңғыш тап болып тұрған тәріздімін. Т.Әбд. ~ Жылда, тіпті қыстай көріп, көз қашты болған көрінісі болғанымен, дәл бүгінгідей көңілі суынып, көкірегін ызғар қарыған жоқ еді… О.Бөк. ~ Қаланың биік қабатты үйлеріндегі жайлы пәтерлерді мекен еткен қолы бос жандардың көзқашты қылатын дағдылы тіршілігі. Анығырақ айтқанда, тіршілік жоқтықтан уақытты әйтеуір бірдеме қып өткізудің амалы. Н.Ақ.
