Ойын жасырмады, тайға таңба басқандай анық білдірді. ~ Ғалияның аузымен айтылған бұл қорлық сөз — шемен боп жүрегімде байланды да қалды. Енді оны балталап алып тастау мүмкін емес. Ғалия менің қазіргі шын халімді туралап, көзге шұқып айтқандай еді. Б.Соқп. ~ Әділеттің туын көтеріп, мінімізді көзге шұқып айтар сол ақсақалдықтың сағындырып жүргеніне де біраз болды-ау. Ж.Шәк. ~ Бірақ сол “старый коллегасын” реті келсе аяқтан шалудан тайынбайтынын тағы көзге шұқып көрсетіп отыр. О.Сәрс.
