Posted in

КӨЗДІҢ СҰҒЫ

Тесірейе, сестене, зілдене қараған көзқарас. ~ Қазір оның көзінің сұғы өтпейді. Бәрібір. Еті өлген. «Бір елі аузыма екі елі қақпақ» дейді де, мыңқ етпейді. М.Қаб. ~ Оң қапталда бір көздің өзіне сұқтана қарап отырып қалғанын Боранқұл тез байқады. Әйел көзінің сұғы. Ғ.Біл. ~ «Ей, аққу-жүрек, сен неден шошындың? Алаңсыз жүзген айдыныңда шолп етіп балық шоршыды ма? Әлде сыбдырлаған қамыстың тасасынан сұр мергеннің сұсты көзінің сұғын сездің бе? Т.Сәук.