Posted in

КӨК ЕЗУ БОЛДЫ

Көп сөйледі, “аузы көпіргенше” айтысты. * Астанада ай сайын бас қосатын сәулетшілік кеңесте қала әкімінің орынбасарымен көк езу болғанша айтысты. Д.Досж. * Мәшһүр Жүсіп мешітіне келушілер, садақа берушілер саны күн сайын азайып барады деп мешіт имамы сары уайымға салынып, мандайын тоқпақтап біраз уағыз айтып-айтып, көк езу болып шаршаған соң қылжиып, әулие-әмбилерді түгел қарғап, дүниені жұтатып сап, “уһ, жан-ай!” – деп күңірене күрсініп, бүгін де бибісінен бөлек жатты. Д.Дос.