Posted in

КӨК ЖҰЛЫН

Екпіні жойқын, дүлей күш. ~ Ошақ бағып омалып отырған көтерем шалдың көкірегіне бір көк жұлын дүлей кіріп кеткендей. Ә.Кек. ~ Ол кезде оны жолбарыстан да жүрегі шайлықпайтын нар тәуекел ғана билей алды. Одан кейін ол тап бергенге шап берген көк жұлын арландай намысқой болды. Ә.Кек.

  1. Езілген, ауыр жұмысқа салынған, қорлық көрген, әбден титықтап, әзер шыдап жүрген адам туралы. ~ Кеше сорлы көк жұлын Жамыраса, таптаса, Жаман тымақ, жалба жең Октябрьмен құрала, Өздері ие еліне, Өзінікі енбегі, Өзі қожа жеріне, Белсенгені біржола. І.Жан. ~ Ал Шәмелді ана Бәтен сияқты көне өмірдің көк кемпірлері «дінсіз коменест» деп ұнатпайды. Олар амалсыз бағынып отырған көк жұлындар. Біздерге үрке қарайды, – деп Тәкіш өз ойын тағы бір баян етті. C.Бег. ~ Бибіш апаң таңертең: «Онсыз да көк жұлын баланы жұмысқа салпылдатып сала бермей сөйлес былай ашылып. Онсыз да қам көңіл болып, тығылып жүр. М.Қаб.
  2. Ұзақ жолға, жортуылға лайық тұлпар. ~ Əңгүдігім, шалғыртым! Бұқа мойын, қабаным! Қарынды, жалпақ табаным, Көк жұлыным – қырсауым Керт басыңдай ойламай Кежегіңді кекшитпей Келелі жауға кез болдым; Келер болсаң, кел бері! Ж.Айм. ~ Қиырға салып шиырды, Жинап-теріп бір күнде Қуып кеттім үйірді, Көк жұлынды тағалап. … Көк жұлынға міндім де «Иә, сәт!» – деп жөнелдім, Қашқан ерде табан жоқ. “Көкмойнақтың үйірі”. ~ Сол екі арада көк жұлынды секіртіп Мамыт та келді. Әнетей жолға шықты. Шалдың ізінде шапаны жалпылдап Өмірқұл барады. Мамыттың сөзін құлағына қыстырған жоқ. З.Шүк.