Posted in

КӨК КӨБЕСІ СӨГІЛДІ

Найзағай ойнап, жаңбыр құйды. ~ Қайболды ағамен сұхбаттасуға бара жатқанымда, көк аспанның көбесі сөгілді. Алдымен жаңбыр, соңынан қар жауды. Малмандай су болған киімімнен қатты ұялдым. Г.Жұм. ~ Көк көбесі сөгілді, Жігін көрдім – алайған, Ай тостақтан төгілді, Түбін көрдім – қарайған. Е.Жүн. ~ Көк көбесі сөгілсе – бұлт сөгіліп тұрғаны, Бұлттан шыққан күндей боп жұрт көрініп тұрғаны! Е.Жүн. ~ Көк көбесі сөгілді, шатырдан су төгілді. БАҚ Күн ашылды. ~ Көк көбесі сөгілді, Жігін көрдім – алайған, Ай тостақтан төгілді, Түбін көрдім – қарайған. Е.Жүн. ~ Ай аспаннан төгілсе – сүт төгіліп тұрғаны, Ту биенің сүтіндей құт төгіліп тұрғаны, Көк көбесі сөгілсе – бұлт сөгіліп тұрғаны, Бұлттан шыққан күндей боп жұрт көрініп тұрғаны! Е.Жүн.