Жадына сақтады; есте ұстайтындай болды. ~ Жоқ ә, сен олай ұқпа! Көптің бетіне күйе жаға алмаймын. Бірақ «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегенді де көкейге түйе біл. С.Бақ. ~ Рудың ресімі сау түрғанда, Орын жоқ махаббатқа деп ойлады. Білмеді кімді анық сүйгенін де, Көкейге қандай арман түйгенін де. Т.Әл.~ Есі шыққан бұғы қапелімде бізге қарай тура тартып бет қойды. Осы көріністің бәрін көріп, көкейіне түйіп үлгірген әкем қиқуға басып, кербұғыға қарсы шапты. О.Бөк. ~ Осы бір аңызды көкейге тоқыған адамды еңбек адамы демегенде кім дер еді? С.Бақ. ~ Жүзге келген адамға қайда тұрдың, қайда жүрдің дерің бар ма. Көргені де, көкейіне тоқығаны да көп. Б.Қыд. * Елтай өкшесін баса ерді; қыстаудың әр ыңғыл-жыңғылын, әр саңылауын көкейге жазып алам десе, шаруа шалдан екі елі қалмауы керек. М.Қаб.
