Ер тұлғалы, адуынды, айбынды жігіт, қас батыр. * Патша құлап, тақ қирап, қырдың кешегі көкжал бөрілерінің басынан бақ тайып есіктегі құлынан қайбартып, қасы мен қабағына қарап қалғанын жалғыз бұл ғана байқамапты. Ә.Нұрп. * Егер Абылайдан туған арыстан менің әкем Қасым төре болса, одан туған жолбарысты өзім десем, менен туған көкжал қасқыр әлгі Сыздық емес пе? Жаңағы қылығы Сыздықтың көкжал бөрі болатынын көрсетпей ме? І.Ес. * Бұлардың басшылары – Сібір хандарының ұрпағына жататын Бөкей ханның шөбересі Тұрсыннан туған көкжал бөрі Барақ пен Күшік сұлтандар. І.Ес.
