Posted in

КӨЛГІР КҮЛДІ (КҮЛКІ)

Сиқырлана, қулана күлді. ~ Ұпайы түгел шал торды көтеріп, көлгір күліп, пәтеріне кіріп кетті. М.Қаб. ~ Манағы тапал қара тұр мінбеде, Құбылған қатал күңгірт түрі неге? Әрдайым көлгір күліп, сыр бағатын, Көзінен енді достық білдіре ме? Қ.Бек.

КӨЛГІР КҮЛКІ

Кекесінді, қитұрқы күлкі. ~… баққа кірер жер кенет көктен көктем нөсері төгіліп кеткендей, қас пен көздің арасында қыран– топан күлкіге шомылады да қалады. Біртүрлі бір таза күлкі – көкіген көлгір күлкі емес, лекіген мөлдір күлкі. Садықбектің күлкісі… З.Қаб. ~ Шаш орнына жал бітіп, Қарайсың-ау біріне қанжарсыз-ақ долдана, Күйеуіңнің анасын қыңыр сөздей қаңғытып, Қуып шықсаң түрткілеп, Көсеу етіп тіл ұшын, Көлгір күлкі, көзіңнің мөлдірлігі құрысын! Ж.Нәж. * Аға, мен жоқта жалғызсырап қалған жоқсыз ба? – дейді түкті беті қисаңдап. Бәтшағардың көзінде көлгір күлкі бар. “Әй, қу бала, қалжыңының түрін…” Ә.Асқ.