Қатты қобалжып, жаны толқып, ойы ойран-асыр болды. ~ Қос ішекті ағашта осынша құдірет болады деп кім ойлаған, бірде бебеу қағып, бірде сұңқылдап, көңілді алай-дүлей аласапыран күйге түсіріп, мүлде естен таңдырды. С.Мұр. * Әсіресе, Әлкөнің көңілі алай-дүлей еді. О.Бөк. ~ Қарадай тіксініп, көңілі алай-түлей алабұртқан Мүкәрама апай: «Мына кәпірдің дауысы неткен жаман еді. Жап аузыңды!» деп қолына түскен шәркей, диванның үстіндегі жастықшамен бір-екі рет атып ұрған. Т.Сәу. * «Апам да қаланың келіншегіне айналыпты- ау» деп Жапал біресе жан сарайын масат жеңіп, біресе аяушылық білдіріп, шешесінің күйбеңіне көңілі алай- түлей болды. Қ.Түм. * Телжан үйден шыға жөнелді. Көңілі алай- түлей. Көз алдын тұман басқандай. Д.Әш.
