Posted in

КӨҢІЛІ БАСЫЛДЫ

Рухы түсті; сезімі солғын тартты. ~ Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Абай. ~ Оның жөні бөлек,- деді атасы, енді көңілі басылып, Жабырқай сөйлеп.- Әжеңді алыс сапарға аттандырып салдық, балам. C.Мұр.

  1. Сабасына түсті, жайланды. ~ Төсегін былғаған осы ауылда жалғыз сен бе екен?.. Анау үйдің де, мынау үйдің де көрпешелері керме жіпке жайылып қалыпты ғой», – деп жұбатады да, бұл қыңқылдап жылағанын доғаратұғын. Сосын далаға шыға сап, әлгі шешесі айтқан үйлердің алдында жаюлы тұрған көрпешелерді көріп барып көңілі басылатын. Т.Нұрм.