Posted in

КӨҢІЛІ БІЛЕДІ

Не істесе де өзі шешеді д.м. ~ Л ә з з а т. «Әркімнің бір көктемі бар» деймісің. Сонда әр адамның көктемі біреу-ақ бола ма? А н а. Оны кісінің көңілі біледі. Т.Ахт. ~ Лиценциат оған босқа әбігер болмауын: бәрін Дон Кихоттың патша көңілі білетінін, ал оны бұл жерден алып шығуды олар өз міндетіне алатынын айтты. Серв. ~ Рақмет. Айта береді бұл кісі… Осы кісінің көңілі білсін деп тері-терсегін жұрт бәсінен артық аламын. Сонда да… Б.Май. ~ Жалғыз болсам деймін. Көп ойлансам деймін, шынын айтсам, ойымды тиянақтап, өзіме өзім келуім керек.
– Патша көңілің білсін, – деді Ералы, – бірақ келіп- кетіп жүрсе де мына Мұнарбек қасыңда болсын. Ә.Асқ.