Мұңайды, қайғы ойлады, қабағы түсіп, уайымға берілді. ~ Осы күнгі тірлігінің бәрі түс сияқтанып жүдеу көңілі қайта жабырқап, балық сойып жатқан қатындардың арасында қолынан пышағы түсіп отырып қалатын. Ә.Нұрп. ~ Одан өнер ешнәрсе жоғына көзі жеткен Ғалия, «бәрібір,— деп қорытты ойын,— тағдырдың көлденең тосып тұрған бақытын көрген жоқпын. Ойдағым табылмауына көзім жетті. Әкемнің көңілі жабырқамасын, — барайын!» С.Мұқ. ~ Әділ бұл істі ештемеге жори алмаса да, асудың қиындығынан ба, салқын самал жайлаудан шаңдыаяққа келе жатқандықтан ба, әйтеуір көңілі жабырқау тартты. Шәк. ~ Күннің өзі жылынғаныменен, жұдырықтай жүрегі неше алуан қасіретпен пәре-пәресі шыққан адамдар көңілі жабырқау, қабақтары жібімеген сияқты. С.Ғаб.
