Өркөкірек, менмен адамның сипаты. ~ Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім – ешнәрсе малдан қымбат демейді. Абай. * «Аға!» деп барсаң ағаға, ағаның көңілі көкте жүр,. «Бауыр!» деп барсаң бауырға, бауыры оның көк темір. Е.Жақ.
- Қуанышты, мәз-мейрам. * Сұлудың сәукелесіндей көзге бірден оттай басылатын Салтанат сарайында бас қосқан ақпарат саңлақтарының көңілі көкте. БАҚ. * Мұндайда қойшы көңілі көкте, қыстың онсыз да қысқа күнінің қалай өткенін білмей қаласың. А.Сейд.
