Posted in

КӨРГЕН КҮНІ ОСЫ

Жағдайы нашар, өмірдің тауқыметін бастан кешуде д.м. * Содан қас қарайғанда діңкесі құрып бір- ақ қайтады. Қашаннан бері Құлтуманың көрген күні осы еді. Ж.Айм. * И- и, айналып кетейін! .. Мал деген осы да… Мал соңына ерген соң көрген күнің осы да…Үйренбей жатырсың да. Қ.Ысқ. * Мықтының тұқымынан қатын алсаң, көрген күнің осы! – деп отағасы жеңілген болды. Қ.Ысқ. * “О, ардақты ана, осы поездың ішінде жалғыз ұлыңның кетіп бара жатқанын көңілің сезді ме! Жоқ, әлде мен жаныңнан кеткелі көрген күнің осы ма? Қ.Қази. * Жаңа келдім, апай. Сіздерге көмекші етіп жіберді. — Жақсы болған екен. Көмекшісіз біздің көрген күніміз, міне, осы. Д.Әш. * Ондайда есепшіл қазаққа тән жеңілтек мінезбен шай- су үстінде: «көрген күніміз осы ғой, ағасы, баламның оқуға түсуіне көмектесіңіз» деп күмілжісе бар- ау, тілі кесілсін. Қ.Жиен. * Е- е, қолдан билік кеткен соң көрген күнің сол да… Бала дұрыс айтады, — деді жанағы ақсақалдардың бірі. Қ.Жұм.