Posted in

КӨШ ЖӨНЕКЕЙ

Жол үстінде, қиын-қыстау жағдайда, қапылыста. ~ Қазір бойда бар өнерін, білім қуаттарының бәрін дерлік олар көш жөнекей, күрес үстінде тапты. Ол кезде халқымыздың қаптал көпшілігі сауатсыз, көргендері өз ортасы, естігендері ертегі, аңыз болатын. Суырып салма ақындар айтысын, хисса, эпостарды құныға тыңдайтын. Ғ.Мұст. ~ Нұрила бас салып құшағына алып аңырамасына кім кепіл? Өйткені бұл сылқым сері жас тоқалы Сүкеңнің көзі тірі кезінің өзінде көш жөнекей де көңілін тауып, оңашада қауышқанда қайратты, қармаулы Қылаңды «Арысым-ай, арыстанымай, арының басылмаған, алауың әлі де бір қайтпаған албарындыңды-ай, шіркін!..» деп аймалап, аһылап-үһілеп аласататын. Ш.Рах.