Posted in

КҮЙЕДЕЙ ЖАЛАДЫ

Қанағатсыз, тойымсыз обырлық туралы. ~ Кәпірлердің түрі жаман. Күйедей жалап барады. — Басқамызды жыр демесе де, мыналар сенің тіліңді алар, – деп дабырлап жатты. Ә.Нұрп. ~ Ендеше өрт жалаңдап шыға келсе, ол со қос қанаттағы үйлерді күйедей жалап, ойрандап, тіпті сонау жоғарғы жақтағы үйлерді де шарпуы ғажап емес-ау. В.Расп. ~ Ал құрылыс материалына сусап отырған мекеме, шаруашылықтардың көмейіне не тықсаң да күйедей жалайды. Қ.Ысқ.