Аңсаған уақыты келді, жолы ашылды; бағы жанды, сәті түсті. ~ Олар маған жақсы қыз тауып бер деді. Ойыма Мамырбайдың Ақбілегі сап ете түсті. Атасының қылғанын алдына келтіретін маған да күн туды. Ж.Айм. ~ Тықы батыр шектінің билеріне тісін басып жүр еді. Қарақалпақ тік көтеріліп, атқа қонатын күн туса, қол бастайтын да сол Тықы болар. З.Шүк~ Бәлем, тоқтай тұрсын, большевик аман-есен келетін күн болса біздің де күніміз туар! – деді Боқаң кіжініп. Б.Майл.
