Басына әңгір таяқ ойнатып, тыныштық бермеді. ~ Осы құм мен шөл ырыстарың, әйтпесе, гүл жазира иранбақ болса кез келген тентек найзасын шошаңдатып күн бермес еді», — дейтін. Ә.Кек. ~ Әкесінің құны қалғандай атқа мінгелі аңдығаны Бұлыш болып еді. Күн бермеп еді, құмға қашса да қуғындап, елден, жерден бездіріп, қыры өліп құтылып еді, осы “қызыл көздің” құрығынан. С.Ел. ~ Отырайын десем үйде, Жұрт жиналған жерге бармай, Күндес шешем күн бермейді Шашып зәрін оқ жыландай. Ә.Тәж.
