Posted in

ҚАБАҒЫ ТҮКСИДІ

Ашу шақырды. ~ Қарасай алақанына салып сығымдаған насыбайын ерніне тығып, шырт түкірді де, қабағы түксиіп, Халелге тіксіне қарады. С.Жүн. ~ Атамды Ақшоқының басына өзім жаяу арқалап шығамын, – деді Қаршыға қабағын түкситіп. О.Бөк.~ Жатын бөлмеге кірдім. Шынымен-ақ, еңгезердей қара сұр адам ұйықтап жатыр. Қабағы түксиген. Шаштары тікірейген. Беті безеудің ізінен бұжыр-бұжыр, әжімді. Д.Мам.