Кербезденді, сылаң қақты. * Саған назар аударғанда да әуелі қасы, қабағын керіп, аспай-саспай ақырын бұрылады. Ә.Нұрп. * Қап-қара мөлдір түйме тұмсығын жылп-жылп жалап қойып, қабағын кербездене кереді. Ғ.Қаб.
- Таң қалған не түсінбеген кейіп танытты. * Қыран аспанға, биікке ұшады, бірақ көзі жердегі қызылға түседі дейтұғын
шалдар. Еркөбек қабағын керді. – Жұмбақтап кеттіңіз… Н.Дәут. * Тал шыбықтай солқылдаған тұсақ бөксе, қаз бөтеге,
жайнаң көз келіншекті көргенде тергеуші жігіт қабағын керді: мынау шайтанды да азғырар… Н.Дәут. ~ Ақтоқты, амансыз ба? — Ә, саламатсыз ба,— деп қабағын керіп, тура қараған Ақтоқтының жүзі ашулы еді. С.Жүн. ~ Біржан аң-таң боп болысқа қабақ кереді. – Мынауыңыз арақ қой!.. С.Смат.
