Еш ренішсіз, түсін суытпай, жайдары көңілмен д.м. ~ Кейін білді — ол әкесі өліп отырсын мейлі, қабағын бір шытпай, жымиып тұра береді екен. Таң атпай жатып ізін қуа, ілесе шығуы тіпті де тегін емес. Ә.Кек. ~ Сол сықылды ауқатын Кім тұрады жоқтамай. Бір баласы Жиенбай, Мың кісі келсе тұрады, Ренжіп қабағын бір шытпай. Сүйінб. * Аядай тар дәлізде арбасымен қозғалып жүру қиын болса да, қабағын бір шытпай жеке кітапханасын көрсетіп, оны кітапханаға өткізгісі келетінін айтты. БАҚ. * Улкенім бұзықтау болып үй шашудан қолы тимитін,соғанда қабағын бір шытпай еркелетіп жүріп жинайды бүлдірген жерлерін. БАҚ.
