Ашу шақырды, көңілі құлазыды, қабағына кірбің түсті. Тұнжырады, ашу шақырды. ~ Шар шоғыры әлден селкеуленіп, қарсыласының қабағына бұлт үйірілді. Ө.Кәр. ~ Көктем елі, шаңқай аппақ түс елі, Қызығыңды – екі көзім ішеді. Алатаудың қабағына бұлт қонса, Көленкесі өлеңіме түседі. Ж.Нәж. ~ Алла бәле- жалаңнан сақтай гөр! — деген кемпірінің әбігеріне баласының күлкісі келсе, шалының ашуы келіп, қабағына бұлт үйіріле бастады. Қ.Түм. ~ Осылай оп-оңай қиюласатындай етіп жүрген сенің өзің емес пе? — деді бұдан кейін ол қабағына қара бұлт үйіріліп. Ф.Дост. ~ … сыйлас, әр істің жөн- жосығын біледі- ау деген өзге де ауыл әйелдерінің мынау қабағына сәл бұлт үйіріліп, көңілі пәс кезінде аяушылық сездірмей, әлденеге айыздары қанғандай қызықтай елеңдескендері … М.Сүн.
