Posted in

ҚАЗАН БАС

а) Басы тым үлкен. ~ Бір күні түс кезінде веранданың есігін лақтырып ашып үйге біреу кіріп келді. Төлтай екен. Лақап аты Төре Төлтай. Қазан бас, самайына ақ түскен қалың бұйра шашты, денесі арық, тұла бойы мен аяғы төмен жағын екі айыра салған жұқа тақтайды еске түсіретін. Ә.Тар. ~ Орталарындағы төртбақ денелі, жуан мойын, қазан бас жігіт басқаларды басқарып, жұмысқа жұмылдырып: – Тайсоймас жігіттерінің істегенінен аспасақ кем түспейік, – деп, қарқынды қыздырып, намысты қоздырды. А.Жақс.

ә) Ақылды, есеп-қисапқа жүйрік. ~ Менімен бірге келген парталас серігімді аядым. Математик-тін. Сыныптағы отыз оқушының үздігі еді. Есепке жүйріктігіне бола оны біз «қазан бас» дейтінбіз. Ө.Кәр.