Құрдас, қатарлас, сыйлас адамдардың бірінің үйіне көңіл көтеріп, бас қосу үшін жиналуы. ~ Қазір күн ұзарып қалған кез, күндіз әрқайсысы өз тобымен көрші ауылдарға барып, «қазан шегелеп» қайтады да, кеште тағы қонақасыларын жей
отырып, өзара әңгіме- дүкен құрады. Қ.Жұм. ~ … аузынан тісі кеткен шағында қазақтың қай үйінің қазанын шегелеп, қай үйінің жылы-жұмсағын жәукемдеп жүргенін білмей, хан төңірегіндегілер тас аяқтай қағысатын еді … Б.Қыд. ~ Беті қызыл, әрі бұжыр әйел сұрқия, еркекжанды келеді емес пе? Ойындағысын ойнақы көздерімен үнсіз жеткізіп, көздерін көргенсіз ойнақшытты бәлекет! Шайдан соң қазан шегеледі. Т.Рыс.
