Posted in

ҚАЛТ ЕТПЕЙ

Көзін алмастан, ынтасын сала қарау. ~ Бизәт айырды лақтырып жіберді де, мұңайып отырып қалды. Оның қабағы түйіліп, көзіне мөлтілдеп жас толып кеткен екен, жиегі шыланған қос жанары қалт етпей безеріп бізді бағып отыр. Қ.Ысқ. ~ Қордайдың әдемі атқан ақ таңында, Даланың самалы ойнап ат жалында, Сау желіп, бұлбұл қағып келе жатқан Қалт етпей қарайды аймақ қартқа мына. Ғ.Қай. ~ Ол будканың терезесінен бізді қалт етпей бағып тұр екен. Басын шайқады. «Қайтесіз, тынышын алмай-ақ қойыңыз», — деп тұрғандай. Ш.Айт.