Қанға бөкті. * Қан кешу қасап заманда қайғыны жеңген бар ма екен?! Қолынан өлмей дұшпанның қартайып өлген бар ма екен?! Қымбатты ата-ананың қасында сөнген бар ма екен?! Ажалы жеткен ардағын арулап көмген бар ма екен?! Жетім қалған баланы, жесір қалған ананы, Қан соқта болған даланы ойлаған адам бар ма екен?! * Жау тигенде батыры үнсіз жатқан ба? Аттан салып атқа мінді ақ таңда. Ой, дүние-ай, жиырмадағы жігіт ем, Хангай тауы қан соқта боп жатқанда. Ғ.Ештан.
