Posted in

ҚАНҒА ТОЙҒАН ҚАНДАЛАДАЙ

Бет-жүзі қып-қызыл болып быттыйған адамның келбеті. ~ Бірінші хатшы қанға тойған қандаладай тырсылдап, тарс жарылайын деп: – Шақыр онда «тройканың» бастығын! — деді. Ш.Мұр. ~ Жайшылықта онсыз да сыздап, дертіп жүретін беті, дәл алқымынан сыққанда қанға тойған қандаладай қызыл қоңыр тартып, быртиып ісіп, көзінің алдындағы күлтілдек қалың етке көзілдірігі кіріп кетті. Ә.Нұрп. ~ Сенің осы қылығың жөн бе? Екі еркектің ортасында, ішкенің — коньяк, жегенің — жылы- жұмсақ, қанға тойған қандаладай быртиып отырысың анау… М.Сүн.