Біреуге тәуелді болды, біреудің қолына қарап қалды. ~ — Кідіргісі келмесе, жүре берсін, — деді Мақпал шап етіп. — Қарақалпақ сонша неге керіледі? Әлде менен сендер құтыла алмай отырсыңдар ма? Маңдайыңа біткен жалғыз перзент екенмін. Қарақалпақтың алдына түсіп неге емпеңдей бересіңдер? Асықса, атамнан әрман, мен де қанжығасына байланғалы отырғаным жоқ, кете берсін! З.Шүк. ~ Ел неге ашықты? Әке- шешесінің бауырынан ажырап, нағашы жұртының қанжығасына байланып, қалай кетіп барады? Т.Рыск. ~ Тек ет, сүт, нан, тұз, алма, картошка секілді керек екені айдан анық азын-аулақ азық-түлікке батыл. Сонда Елтай келіншегінің қанжығасына қашанғы байланып жүрмек? М.Қаб.
