Posted in

ҚАРА ҚАНАТТАНДЫ

Құстың балапаны ұшуға жарап қалды. ~ Оған дейінгі қамданыс ана дуадаққа тиемел. Қара қанаттанған балапандарды артық-ауыс қомағайлықтан тыйып, тәбетті шектеудің әдісін үйретеді. Ө.Кәр. ~ Енді ғана қара қанаттанып келе жатқан балапандарымызды құтқарып қаламын деп жүргенде сыңарым жалынға күйіп өлді. Ө.Кәр. ~ Әсылы наурыз айларында балапаны қара қанаттанып қоюға тиісті еді. Б.Жұм.

  1. Ер жетті, өсіп-жетілді, аяқтанды. ~ Жеңге деген қаға берісте қайнысын қара қанаттандырып жіберсе болады. Д.Қуат. ~ Уақыт өтті! Балапан топшы қатайып, қара қанаттана бастаған шағымызда күн сайын сиреп бара жатқан сол қарттардың көлеңкесіне жиналып алып, олар айтқан қазақтың қара өлеңіне бізде қосылатын болдық. Ж.Шәк. ~ Жиырма жыл аузына тістеп баққан ақ үрпік балапаны қара қанаттанған соң менің әміріммен осыны істеп отыр. Ж.Шәк.