Тағдырлас адамдардың шынайы достығы хақында. ~ Сол жолы… мына менің… гимназияда бірге оқыған, қара нанды қақ бөліп жеген жан жолдасым қаза тапты… – деп, Шодыр басын шайқап, көзінен жас шығарды. Б.Тоғ. ~ Өзімен бірге оқыған, қатар төсекте жатып қара нанды қақ бөліскен Досберген деген жігіт жауапты хатшылыққа көтерілген бойда күрт өзгерді. Б.Тоғ.
