Өз елі, ата мекен, көне жұрт, ата қонысы. * Естуімше, Көкбаев жал-құйрығы жоқ, күйсіз күлік көрінеді. Қара орын, хан тағымызда отырып, сол Көкбаевтан қалып қойсақ, сүйегімізге өтпес таңба емес пе? Қ.Жұм. * Бірақ мынау көзін ашқалы қара орын, қара жұртты қайтып қияды… Ә.Кек. * — Көке, ауылға барып қайтпайсыздар ма? – деді. – Қышыған жерімді дәл таптың. Сол қара орынға біражола кетсем қайтеді. Есікті бір тал сексеуіл күзетіп тұр. Қ.Түм.
