Керексіз болды, бос қалды; қаңырап қалды, құрыды.~ Әуел бастағы жоспарым аудандағы басшы мекемелерге кіріп жолыққаннан кейін бүгін малшыларға шығып кету болатын. Енді ол қараң қалды. Б.Соқп. ~ Ал Əуезов болмаса, бұл араның күні не болар еді? Қараң қалар еді. …Біз Əуезовті күттік. З.Қаб. ~ Күйеуі кетісімен бұл да соңғы күндері қараң Қалған үй тірлігіне кірісті, төсек жинап, еден сыпырды, өзен бойында бірге жайылып жүрген сиыр мен бұзауды бөлді. Ә.Тар. ~ – Мен ойлаймын, егер адамдардың бір біріне жаны ашымайтын болса, дүние қараң болар еді, дүние әлдеқашан астаң-кестең болар еді… С.Мұқ.
