Қарапайым, бірқалыпты, қазақы тіршілік кешу мағынасында. ~ Жылқышы жылқысын бағады, қойшы қойын құрттап, айранын ұрттап жүре берер. Адақтап міндет қып жүктеп қойылмаса да әркімнің өз шаруасы бар. К.Сег. * Екі жақ өліспей беріспей өзара қырқысқанда, оның салдары қойын құрттап, айранын ұрттап, туып-өскен жерлерінде бейғам ғана күзеп, жайлап, қыстап отырған, ел мен жердің байырғы иесі қазаққа ауыр соққы болып тиді. Қ.Шам. * Жоқ, – деді сонан соң иығын қомдай ұмсынып. – Талантты халық біздей-ақ болсын. Ұлы империяға қойын құрттап, айранын ұрттап құнжыңдаған қарашобыр қойшы ғана керек болды. Т.Сәук.
