Posted in

ҚОЛҒА (ҚАҚПАНҒА) ТҮСКЕН ҚАСҚЫРДАЙ

Шарасыз, алақ-жұлақ еткен, жан дәрмен күй туралы. ~ Үй ішінде отряд бастығы және бірнеше солдатпен Әбділда. Бәрінің ортасында қолға түскен қасқырдай алақтап, Боқаң отыр. Б.Майл. * Сол кездегі беделді заңгер … оның “қолға түскен қасқырдай, ешқандай заңсыз, тергеусіз” сотталатынын айтты. БАҚ * Ал енді соқашыға келсек, күні кеше күрең атына мініп алып, былғақтап, көрінгенге “Жер алмайсың ба?” деп жүрген Жанпейіс, бүгін қақпанға түскен қасқырдай екі көзі жайнап, тамырының берген “сыйының” күштілігімен есінен де танып еді. Б.Майл. * – Әкеңнің көз құны қалғандай қылғытып едің ағын да, қызылын да араластырып. Отыр енді қақпанға түскен қасқырдай қыңсылап!» Т.Сәук.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *