Posted in

ҚОЛДАН КЕЛЕР ҚАЙРАТ (ҚАЙРАН, ДӘРМЕН) ЖОҚ

Не істерсің, амал жоқ д.м. ~ Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жок, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап. Абай. ~ Тек қолдан келер қайран жоқ. Кеш үйіріліп төсеккке жатар кезде мұның мына жарық жалғанды тәрк етіп, безіп кеткісі келеді. С.Баяз. ~ Осындайда жансерігі қашқан аңды қуып жететін күмісжал аты мен қасқырдың ізінен айырылмай жол табатын ізшіл итінің орны ойсырап, ішкі қыжылы кек болып тұтанғанымен қолдан келер қайраны жоқ, амалсыз бөгеліп,атын жетектеп әудем жерге дейін із шалып кеткен бала аңшыны тосты. А.Кеңш. ~ Осы жердің қожасы о бастан өздері сияқты. Жәңгір тістене түсті. Әттең, қолдан келер қайран жоқ. АҚ (“Атажұртым-Көкшетау”. ~ Жанды ауыртатын көрініс. Қаны бөкейлік жұртшылықтың бәрі бұл лажсыздыққа күйініп, дабыл қағуда. Қолдан келер дәрмен жоқ.
БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *