Posted in

ҚОЛДЫ БОЛДЫ

Із-түссіз жоғалды, ұрланды. ~ Тұтқиылдың шабуылына түсіп сүргін көрген семіздер қан-жыны араласып, қызыл май боп, еріп тұрған сияқты: қолды болған кеңес малы Оспанқұлдардың адал еңбегінің көркі болғандай ірікті сәйгүліктер — қор болғаны-ай жануарлардың! — деп Бекбол ішінен тынып келеді. М.Әу. ~ Бекбол ойланып тұрып: — Бұл қолды болды ма, жоқ үркіп шығып кетті ме әлде… — дегенде Жәнібек Бекбол сөзінің аяғын тоспастан: — Е, осы күнде тыныштық қой, қай жау келе қалды дейсің, үркіп кеткен де … — деп бейбіттікке сала берді. М.Әу. * Былтыр күз ойда жоқ пәле кездесіп, ақ тұлпар қолды болды. З.Шүк. * Алматыда бутиктердің бірінен 15-ке жуық аса қымбат құндыз тондар қолды болды. БАҚ * Бала батыр Елшібек байдың қызы қолды болғанына бір қуанды, бір қуарды. Қуанғаны – «өзіме бұйырмағанды ит жесін…» Қуарғаны – қимағаны. Ш.Құм. ~ — Ал тыңдаңдар. Қалқан қолды болған күннен бері маскүнем Хасен де ұшты-күйлі жоғалыпты. С.Им.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *