Әр нәрсеге ебі бар, шебер, ісмер. * Сұңғақ бойлы, ірі сүйекті, ақсары өңді, қомақты қошқар тұмсықты, қой көзді азамат. Қолы ұсынақты, өнерге әуес. Ү.Жәл. * Жас жігіттің ұсынақты қолынан шыққан домбыраны қолға алып шертіп көрдім. БАҚ.
~ Кішіқолдау, қара торы, шоқша сақалды Қорабай етікшілік кәсібін көп күйттеп, «Бегейдің бестақасы» аты қалған өнерлі елдің баласы. Өзі де ептеп етікшілік қылатын, аздап ұсталығы да бар, қолы ұсынақты адам. Ү.Жәл. ~ Ауылдың әйелдерін жиып, үме8 жасап, үзік, туырлық бастырып, киіздерін жаңалап, қолы ұсынақты көрші шалға керегесін көктетіп, тып– тың үй көтерді. Ү.Жәл.
